«Анашым, жалығып кеттім» деген сөздің емі
Каникулдың екінші аптасы. Телефондағы ойындар өтіп кетті, YouTube-тағының бәрі көрілді. Баланың аузынан шығатын классика: «Жалығып кеттім, не істеймін?». Ата-ана бірден үйірме іздейді, лагерь қарайды. Бірақ оған да ақша, уақыт, алып-бару керек. Ал миға пайдасы бар, тез, тегін шешім қолыңның астында тұр. 15 минуттық челлендж. Логикаға, жылдам ойлауға, зейінге арналған. Телефонды пайдалы қолданудың жолы. Барлық тапсырмалар https://tiokz.com/ платформасында жиналған.
Бұл — баға қойылмайтын орта. Мектепте «үш» алса, көңіл-күйі түседі. Ал мұнда 10 рет қателессең де, ешкім ұрыспайды. Керісінше, әр қатеден кейін «мына тақырыпты қайтала» деген подсказка шығады. Бала үшін бұл ойын сияқты: деңгей өтті, жаңа медаль алды, рейтингте көтерілді. Достарымен кім көп балл жинайтынын жарысады. Ата-ана телефон тартып алып ұрысудың орнына, «сенің рекордыңды жаңарттым» деп мотивация бере алады. Жағымсыз «сабақ оқы» деген сөз мүлдем айтылмайды.
Сертификат бұл жерде — бонус, мақсат емес. Бірақ ол маңызды. Себебі бала еңбегінің нақты, материалдық дәлелін көреді. PDF файлын жүктеп алып, WhatsApp-та әжесіне жіберді. Әжесі мақтады. Балаға бұл «мен бірдеңе істей аламын» деген сигнал. Өз-өзіне деген сенімі артады. Бұл қағаз болашақта «Белсенді оқушы» грамотасын алғанда, мектептің үздіктер тақтасына ілінгенде керек болады. Кішкентай жеңіс үлкен жеңістерге жол ашады.
Жаз — тек демалу емес, өзіңді тану уақыты. Мектепте бәріне бірдей 45 минут физика, 45 минут тарих. Ал балаға не ұнайтынын қайдан білеміз? Олимпиада арқылы 10 түрлі пәнді көріп шығуға болады. Бір айда биологиядан, келесі айда информатикадан өтті. Қайсысы ұнады, қайсысы оңай болды — салыстырады. 9-сыныпта «кем дегенде» профиль таңдағанда, көз жұма таңдамайды. Өз тәжірибесіне сүйенеді. Бұл ата-ана үшін де, баланың өзі үшін де стрессіз шешім. стрессіз шешім.